Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай 2025 жылғы 05-18 қыркүйек аралығында өтетін онкүндік аясындағы іс-шаралар жоспары.
Ұйымдастырушылар: ГЦ әдістемелік бірлестігі.
5 қыркүйек 2025 жыл. Бүгін - Қазақстан халқы тілдері күні. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы тіл», деген екен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы.
1989 жылғы 22 қыркүйекте «Тілдер туралы» заң қабылданды. Ал мереке 1998 жылдан бастап тойланады. Сол жылдың 22 қыркүйегі Қазақстан халқы тілдері күні болып жарияланды. Алайда жиырма жылдан соң атаулы датаның күні өзгерді. 2017 жылдың күзінде Үкімет қаулысымен Тілдер күні 5 қыркүйекке ауыстырылды. Өйткені, 5 қыркүйек қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Сол себептен 2018 жылдан бастап атаулы датаның күні өзгеріп, 5 қыркүйекте мерекелене бастады.
Мереке құтты болсын!